Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да телефон ұрлығының саны төрттен бірге азайды

СҚО-да телефон ұрлығының саны төрттен бірге азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері 2022 жылдың қорытындысы бойынша мүліктік қылмыстар санының азайғанын тіркеді.

Қылмыстың ең көп таралған түрі – бөтеннің мүлкін ұрлау. Өткен жылы облыста 1444 ұрлық жасалды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға аз. Мал ұрлығы 31 %-ға төмендеді. 2021 жылы – 29, өткен жылы 20 факті тіркелген. Бұл ретте полицейлердің профилактикалық жұмысының маңызы зор, әрі еркін жайылыммен күрестің ықпалы да бар. Пәтер ұрлықтары санының едәуір азаюына қол жеткізілді. Бұл көрсеткіш 32,4 %-ды құрап отыр.

Бұнда көбінесе бейнебақылау жүйесін кеңінен қолдану жақсы көмек болып отыр. Тұрғындардың кіреберістер мен аулаларда, кәсіпкерлердің сауда үй-жайларында және ғимараттардың айналасына орнатқан камераларынан ұрылар сескенеді, әрі бұл қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға көмектеседі. Пәтер ұрлықтарын ашу көрсеткіші 65,7 пайыздан 74,7 пайызға дейін өсті.

– Мүліктік қылмыстың басым бөлігі алкогольді асыра пайдаланудан соң жасалады. Мәселен, телефонды дәмханада немесе пәтерде ұрлаудың сценарийі бір-біріне ұқсас. Айтып өткендей, бұған себеп – отырыста ішімдікті шамадан тыс ішу. Айта кету қажет, телефон ұрлығы да азайды. Алдынғы жылы – 306, өткен жылы 231 факті тіркелді. Мүлкіңізді немесе затыңызды ұрлатып алмаудың жолы – қырағы болу. Ақша мен басқа да құнды заттарды назардан тыс қалдырмау қажет. Оларды ішкі қалтаңызда ұстаған абзал. Қылмыстың жасалуына жол бермес үшін заттарды көзге түсетін жерлерде қалдырмауға кеңес береміз. Сондай-ақ құжаттар мен бағалы заттарды автомобиль салондарында қалдыруға болмайды. Машиналарды жарық жақсы түсіп тұратын, бейнекамералар қамтитын аймақтарға қою керек, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру