Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында есірткі таратқан күдіктілер ұсталды

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында синтетика таратқан күдіктілер Көкшетауда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетаулық жедел уәкілдер 9 қаңтарда синтетикалық есірткі таратқан күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Kia Rio көлігін тоқтатты. Көлікте 22 жастағы жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы болды. Олар полицейлердің ақпараты бойынша облыс орталығының аумағында есірткі заттарын қойып кетумен айналысқан.

Жастардың елорда тұрғындары екені белгілі. Мән-жайларды анықтаған кезде жедел уәкілдер тыйым салынған заттардың таралуының «географиясы» өте ауқымды екенін анықтады: Астанадан синтетика алған ұсталғандар оны кейіннен Көкшетау, Степногорск, Атбасар және Щучинск қалаларында сатқан. Көрші Петропавл қаласына да барып өткізген.

Тергеу барысында жастардың алты ай бойы заңсыз әрекеттермен айналысқаны анықталды. Олардың біреуі «синтетиканы» өзі қолданады. Тінту кезінде полицейлер синтетикалық препарат деп есептелетін ұнтақ заты бар 168 буманы тәркіледі.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тіркелген зат сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру