Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер өткен жылғы жұмыс қорытындысын шығарды

Елордалық полицейлер жедел кеңесте өткен жылғы жұмыс қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылды қорытындылау Астана қаласы Полиция департаментінің жедел-қызметтік іс-шаралардың қорытындысына арналған кеңес аясында ведомство басшылығының, сондай-ақ, қала прокурорының орынбасары Ержан Бердібековтың қатысуымен өткен.

Ішкі істер министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында Ішкі істер министрінің негізгі талаптары мен тапсырмаларын елордалық департамент бастығы полиция генерал-майоры Марат Төлебаев атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер белгіленіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шаралары бойынша нұсқаулар берілді.
Бірқатар басшылардың өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы есептері тыңдалды, сондай-ақ, жедел қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар жоспарланып, құқық бұзушылықтың алдын-алу, оның ішінде ұрлықпен, есірткі қылмысымен күресу, интернет алаяқтық, жол қауіпсіздігі бойынша нақты тапсырмалар қойылды.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қылмыс санының 9%-ға өскені байқалады. Сонымен қатар, адам өлтіру, ауыр дене жарақатын салу, зорлау, тонау, бұзақылық және пәтер ұрлықтары азайған. Көшедегі қауіпсіздік деңгейі 5,5%-ға артып, қылмыстың қайталануы 42,1%-ға төмендеген. Соңғы бес жылда қылмыс саны екі есеге азайды. Егер 2017 жылы 32 397 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы – 16 572.

Өткен жылы 194 жалған жарнама мен заңсыз интернет-ресурс бұғатталды. 536 эпизод жасаған 89 адам және үш топ ұсталды. Есірткі қылмысымен күрес және нашақорлықтың алдын- алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. 232 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 171-і сату бойынша. 257,5 кг әртүрлі есірткі заттары, оның ішінде 34,3 кг синтетикалық заттар тәркіленді.
төрт есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылып, 75 есірткі сайттары бұғатталды. Елордада есірткі жеткізіп, сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. Бес қатысушы, ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші ұсталды. 37 келі гашиш тәркіленді.

Мәселен, жедел іс-шаралар барысында 53 жастағы елорда тұрғыны ұсталып, тінту кезінде одан есірткі заттарын дайындауға және қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Оның «экстракциялық апиын» есірткісін аса ірі көлемде сатуға қатыстылығы анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ жиын барысында елордалық полиция қызметінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау басты назарда екені айтылды. Қылмыстық процестің үш сатылы моделі аясында азаматтардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарауға, олардың қайталап жүгінуіне жол бермеуге назар аударылады. Бүгінде істің 92,5 %-ы электронды форматта тергелуде.

«Алматы» ауданында «Полицияның сервистік моделін» енгізу аясында пилоттық жоба жүзеге асырылды. Ол енгізілген уақыттан бері учаскелік қызметкерлерді тану деңгейі үш есеге жуық өсті, олардың жұмысында ақпараттық қамту артты. 2022 жылы пилоттық жоба «Сарыарқа» ауданы бойынша іске қосылды.

Жол қауіпсіздігіне келетін болсақ, жолдардағы жағдай назар аударуды қажет ететіні айтылды. Жол-көлік оқиғаларының саны 22,6%-ға өссе, жолдағы өлім-жітім 20%-ға азайған. Жазатайым оқиғаларды талдауды ескере отырып, соқтығыстар жиі болатын жерлерде жаяу жүргіншілермен жұмыс істеу үшін полиция жасақтары жұмылдырылды. Көлікті мас күйінде басқару фактілерінің жолы кесіледі.

Қорытындылай келе, елордалық полиция басшысы жетілдіруді қажет ететін бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету, полиция қызметкерлерінің қызметтік этика нормаларын сақтауы мен азаматтарға сыпайы қарым-қатынас жасау мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру