Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны танысына алданып қалды

Шымкент тұрғыны кезексіз пәтер алып беремін деп танысының  700 мың теңгеге жуық ақшасын иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бір жылдан бергі танысы кезексіз пәтер алып беремін деп алдын ала 660 мың теңгесін алып, уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ер адамның жасы – 33-те. Жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру