Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері заңсыз онлайн несие рәсімдеген әйелді анықтады

Сарыағаш полицейлері заңсыз онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне алаяқтық қылмысы туралы арызымен жергілікті тұрғын хабарласты. Әйелдің айтуынша, оған бейтаныс әйел телефон арқылы мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға көмектесетінін айтып, әбден сендірген. Біраз уақыттан соң жәбірленуші өзінің атына шамамен 1,5 миллион теңге онлайн-несие рәсімделгенін білген.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Сарыағаш ауданының полицейлері алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Аталмыш жергілікті тұрғын оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, алаяқ әлеуметтік көмек рәсімдеу сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіріп, мобильді қосымша арқылы оның атынан ірі көлемде онлайн-несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру