Ақмола полицейлері «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірге студенттерге театрландырылған кездесу өткізді
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған Ақмола полицейлері «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттерімен театрландырылған кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан күні Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығыВиталий Гудыменконың «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Гүлнар Оразбаевамен жұмыс кездесуі өтті.
Үкіметтік емес ұйыммен тығыз қарым-қатынаста тәртіп сақшылары 3 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Бірлескен жұмыс кезеңінде нашақорлықтың алдын алуда жастарды есірткі мен есірткі бизнесіне тарту проблемалары туралы хабардар етудің әртүрлі формалары мен әдістері қолданылды.
Колледждің бірінші курс студенттерімен кездесу «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің еріктілері дайындаған қойылымның көрсетілімімен ашылды, онда есірткі тәуелділігіне түскен қыздың тарихы және оның қоршаған ортасының рөлі көрсетілген.
Көрсетілімнен әсер алған студенттер әр қатысушының рөлін талқылап, мінез-құлықтың дұрыстығы және мәселені шешудің басқа жолдарының бар-жоғы туралы өз пікірлерін білдірді.
Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің және Көкшетау қаласы ПБ ювеналды полициясының қызметкерлерімен жағдай бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жалпы құқық бұзушылықтар бойынша және олар жасайтын құқық бұзушылықтар бойынша құқықтық баға берілді.
Іс-шара соңында 20-дан астам студент «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің театр үйірмесіне кіруге және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмек көрсетуге ниет білдірді.