Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында Верный лақап атты иттің көмегімен ұрлықтың беті ашылды

Ақмола облысында Верный лақап атты иттің көмегімен ұрлықтың беті ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпан күні Сандықтау ауданының полиция бөліміне Балкашино ауылының 37 жастағы тұрғыны 21 ақпанға қараған түні үйдің ауласынан қар тазалауға арналған қырғыш ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Ақмолалық шаруашылықта қажетті заттың жоғалып кеткенін таңертең байқап, полицияға жүгінген.

Оқиға орнына құрамында полиция старшинасы Сергей Губарев пен Верный қызметтік-іздестіру иті бар жедел-тергеу тобы келді. Іздің иісін алған ит тәртіп сақшыларын ұрлық жасаған жерден бір жарым шақырым жерде орналасқан үйге алып келді. Тұрғындармен әңгімелесу барысында 21 ақпанға қараған түні ауыл тұрғыны одан қар тазалауға арналған қырғыш сатып алуды ұсынғаны белгілі болды. Әйел қаржылық қиын жағдайға тап болғанын және шұғыл түрде ақша қажет болғанын түсіндірді.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сергей Губарев түсіндіргендей, итпен жұмыс істеу кезінде төрт аяқты серіктестің жұмысын қиындататын немесе жеңілдететін жағдайларды ескеру қажет. Түнде жауған қар іздің иісін ұзақ уақыт сақтап, Верныйдың жұмысына оң ықпал еткен. Бельгиялық овчарка полицейлерді қаскүнемнің ізіне оңай түсірді.

– Верный тез үйреніп, күн сайын өз дағдыларын жетілдіріп отырады, – деп атап өтті Сергей Губарев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру