ҚР ІІМ Қарағанды академиясының қызметкерлері СҚО оқушылары мен полиция қызметкерлеріне жүгінді
ҚР ІІМ Қарағанды академиясының қызметкерлері СҚО оқушылары мен полиция қызметкерлеріне жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ Қарағанды Академиясында оқудың артықшылықтары туралы Петропавлдық оқушылар мен Солтүстік Қазақстан полициясының қызметкерлері білді. Академия оқытушысы Надежда Ахметжанова кәсіби бағдар беру үшін облыс орталығының оқу орындарына барды. Ол сондай-ақ полиция департаментінің тергеу бөлімшелерінің жеке құрамы алдында сөз сөйледі.
ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы тергеу және анықтау қызметкерлерін, криминалистерді дайындайды. Надежда Ахметжанова мектептер мен колледждердің ертеңгі түлектеріне оқуға түсу шарттары туралы айтып берді. Ол шығармашылық емтихандардан, қазақ, орыс тілдері мен әдебиеттерінен басқа бейіндік пәндердің кез-келген өзге комбинациясына жол берілетінін ерекше атап өтті. Оқыту тегін, курсанттарға стипендия тағайындалады, олар барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіледі. Оқуды бітіргеннен кейін, полиция лейтенанттары атағын алады, оларға ішкі істер органдарында жұмысқа орналасуға кепілдік беріледі. Оқу уақыты қызмет өтіліне кіреді.
– Сонымен қатар Қарағанды академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мүмкіндік береді. Қазіргі полиция қызметкерлерін магистратурада немесе докторантурада оқып, кәсіби деңгейін көтеруге шақырады. Біз қызметкерлердің кәсіби өсуге, құзыреттілікті тереңдетуге деген ұмтылысын толық қолдаймыз. Тұрақты даму және өзін-өзі тәрбиелеу – уақыт талабы, бұл қазіргі полиция жұмысының тиімділігінің маңызды құрамдас бөлігі, — деп атап өтті СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Әбілғазы Ғабдуллин.