Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы Жас өркен ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыстың 19 жастағы тұрғыны анықталды. Оның көлікжайынан көлемі 0,5 литрден болатын акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркіленіп алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.

Аталған дерек Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналды.

Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді. Көлікжай иесінің айтуынша, алкогольді сату үшін сақтаған.

– Жыл басынан бөлініс қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру