Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6769 дерегі анықталды

Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6769 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер тұрақты негізде алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Жыл басынан бері Павлодар облысында құқықтық тәртіп сақшылары белгіленген уақыттан асып алкогольді өткізудің 104 дерегін (ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы), сондай-ақ, алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізудің 62 дерегін тоқтатты, дүкен иелері ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық жерде алкогольді ішудің немесе мас күйде жүрудің 6569 дерегі жойылды.

Статистика көрсеткендей, жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі-қоғамдық жерде алкоголь ішу. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) нормасы, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті, адамгершілікті қамтамасыз етуге, мас күйінде айналасындағылар үшін де, өздері үшін де нақты қауіп төндіретін адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті жоюға бағытталған.

Мәселен, Май ауданының полицейлері алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 50-ге жуық хаттама толтырды. Қоғамдық орында мас күйінде азаматтардың пайда болуы үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда айыппұл мөлшері екі еселенеді не оған 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Мысалы, полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, Көктөбе ауылының орталық көшесінде мас адам жүретінін және өтіп бара жатқан адамдардың атына дөрекі сөз сөйлейтінін хабарлады. Келген патруль құқық бұзушыны куәландыруға жеткізді. Бұл ауыл тұрғынының орташа ауырлықтағы мас күйінде екенін көрсетті.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру