Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның ҚАЖ мекемесінде киіз үй мен алтыбақан орнатылды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №50 мекемеде Наурыз мерекесі қарсаңында киіз үй мен алтыбақан орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз мейрамы қарсаңында №50 мекеменің алаңында мерекенің басты рәміздері – киіз үй мен алтыбақан орнатылды. Оларды сотталған әйелдер өз қолдарымен безендірді. Іс-шарада қазақтың халық әндері шырқалып, киіз үйдің жанында самаурын қайнап, қазанда наурыз көже мен палау дайындалды.


Бірқатар сотталғандар арқан тарту, күрес, тоғыз құмалақ және сақина сияқты ұлттық ойындарға қатысты. Бірнеше жасақ қазақ халқының ұлттық салт– дәстүрлерін. беташар, бесікке сәлу және тұсау кесерді көрініс ретінде көрсетті.

– Сотталғандар мерекеге дайындық аясында тігілген киімдерді көрсете отырып, әр салттың тарихымен таныстыра отырып, қазақ халқының барлық бейнесін толық жеткізе алды. Айтпақшы, барлық дайындықтың ұзақтығы үш аптадан астам уақыт болды. Мұндай іс-шаралар әйелдер колониясы базасында жыл сайын өтеді, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Қайрат Айсақов.

Мереке соңында барлық қонақтар мен сотталғандар киіз үйдегі үстелге ұлттық тағамдардан дәм татуға шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру