Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Наурыз мейрамын тойлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті.

Мерекелік бас қосуды құттықтау сөзімен ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев, департамент бастығының орынбасарлары Бақытжан Илюпов, Нұрбек Кабдикаримов және мекеме басшылары мен сала ардагерлер қоғамының төрағасы жеке құрамды мерекемен құттықтап, жыл басы – Наурызда амандық, денсаулық, молшылық, қызметтеріне табыс тіледі.


Бұдан әрі мерекелік жиын дәстүрді дәріптеуге арналған сұрақ-жауап ойындары және кештің басты сайысы – жігіттер арасында жарияланған “Ең үздік бата беруші” және қыздар арасында “Ең үздік наурыз киімі” номинациясы бойынша үздіктерді анықтаумен жалғасты.

Нәтижесінде, “Ең үздік бата беруші” атағына №70 мекемесінің бастығы Аман Нағашыбайұлы ие болса, “Ең үздік наурыз киімі” аруы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ бепартаментінің тылмен қамтамасыз ету тобының бас маманы Айзада Кельжанова танылды. Номинация иелеріне алғыс хаттар және арнайы сыйлықтар табысталды.


Көңілді мерекелік бас қосу одан әрі ән-күймен жалғасын тауып, мерекенің сәнін келтірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру