Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының пробация қызметкерлері есептегі сотталғандардың отбасыларына көмектесті

Абай облысының пробация қызметкерлері есептегі сотталғандардың отбасыларына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының пробация қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін еріктілермен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған есепте тұрған сотталғандардың отбасыларына көмектесті.

Пробация қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған әйелге көмек қолын созды.

– Ол бала күтімі бойынша декреттік демалыста болғандықтан жұмыс істей алмай, қиын жағдайдан жалғыз шығуға тырысып жүр. «Үміт сыйла» акциясы аясында көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеті, жеке гигиена заттары, ойыншықтар мен балалар тағамы, күнделікті тұрмыста қажеттінің бәрі берілді. Біз сотталғандарды түзеуге, оларды қоғамға бейімдеу үшін барлығын жасаймыз және мүмкіндігінше әрбір іс-шараны назардан тыс қалдырмауға және осындай акцияларды ұйымдастыра отырып, оларға қолдау көрсетуге тырысамыз, – деп хабарлады Назым Тохтар.

Сондай-ақ пробация қызметінің негізгі міндеті сотталғандардың жаңа қылмыстардың жасалуына жол бермеу үшін көмек көрсету. Көмек көрсету түрлерінің бірі – жұмысқа орналастыру. Пробация қызметінің есебінде тұрақты жұмыс орны мен табысы жоқ бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталған есепте тұрады. Пробация қызметінің қызметкерлері толық көлемде көмек көрсетіп, жеке бағдарламаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ресми жұмыс орнына орналастырылды. Сондай-ақ азық-түлік себеті түрінде әлеуметтік көмек көрсетті. Енді оның толыққанды өмірін түзету үшін бәрі бар және ол өз отбасына өзбетінше көмектесе алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру