Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда РФ-ның масаң күйдегі екі азаматы әуе рейсінен түсірілді

Алматыда РФ-ның масаң күйдегі екі азаматы әуе рейсінен түсірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне Air Astana әуеакомпаниясы өкілінің актісі бойынша екі жолаушы берілді. Оның айтуынша, ер адамдар Алматы – Астана бағытындағы әуе рейсіне отырғызу кезінде өздерін дөрекі ұстап, бортсеріктерді балағаттаған. Көлік полицейлері тексеру кезінде масаң күйде болған 34 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматын анықтады.

Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша олар “орташа” және “жеңіл дәрежедегі” масаң күйде болған. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 434-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материал тиісті шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 12 539 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін 1429 адам, ұсақ бұзақылық үшін 179 адам жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру