Ақмолалық азамат сауда орталығынан 30-ға жуық шоколад ұрлап кеткен
Ақмолалық азамат сауда орталығынан 30-ға жуық шоколад ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурыз күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны, Көкшетау қаласының орталығындағы сауда үйінде орналасқан дәріхана меңгерушісінің өтініші келіп түсті. Ақмолалық айтып өткендей, ағымдағы жылдың 20 наурызында дәріханадан белгісіз адам Alpen Gold, Nestle, Milka сынды 26 шоколад ұрлаған. Залал сомасы 16 мың теңгені құрады. Тәттілердің жоғалғаны тексеріс кезінде анықталған.
Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын істі болмаған Красный Яр кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Дәріхана қызметкерлері сатып алушыларға қызмет көрсетумен және тәттілердің кассадан тыс жерде тұрғанын пайдаланған жас жігіт шоколадтарды ешбір кедергісіз алып шығып, сауда үйінен кетіп қалған.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігі (Ұсақ ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің айтуынша, тәттілерді ол өтіп бара жатқан балаларға таратқан.