Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға жаңа өмір бастауға көмектесті

Абай облысы ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғанға жаңа өмір бастауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған Ж. Затон ауданының пробация қызметіне есепке алынған. Атап айтқанда, бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін Семей қаласының №2 соты 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде үкім шығарған. Сондай-ақ ол алкоголизмнен емделу курсынан өтуге міндеттелді.

Есепке қою кезінде сотталғанмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында анықталғандай, Ж. есімді сотталған қылмысты алкогольдік ішімдіктерді сатып алу мақсатында жасағанын түсіндірді. Сондай-ақ тәуелділіктен арылуға және бұдан былай мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға ниет білдірді.

Осыған байланысты пробация қызметінің қызметкері құжаттарды жинап, Семей қаласының наркологиялық диспансеріне сотталған азаматты алкоголизмнен емдеу курсына жолдады.

Аталған көмекті көрсеткеннен кейін, сотталған Ж. монтер ретінде компанияға жұмысқа орналасты. Ең қызығы, Ж. есімді азамат хабарлағандай, ол 11 жыл бойы жұбайымен және төрт баласының арасында болған қиыншылықтарға қарамастан, отбасында дұрыс қарым-қатынас орната алған.

– Жолдасымның алкогольді ішімдіктерді ішуден бас тартып, үй шаруашылығында ғана емес, сонымен қатар қаржылық жағынан да көмектесе бастайтыны туралы тұрақты уәделері, белгілі бір жерде ұзақ уақыт жұмыс істеп жүргені оған қиял сияқты көрінді, – дейді жұбайы Жанар.

Ж. есімді азаматты пробация қызметіне тіркелгеннен кейін, онымен бірнеше рет профилактикалық әңгімелер өткізіліп, оны мәжбүрлеп емдеуге жібергеннен кейін әйелі оң өзгерістерді байқаған. Олар қазір бір-бірінен алшақ тұрса да, жұбайы оны күтеді. Әйелі емдеу курсы жақсы өткендігі жайлы айтып, жолдасы түзету жолында оң нәтижелерді ұзақ уақыт сақтайды деп сенеді.

– Осылайша, пробация қызметі басты мақсатына қол жеткізді. Сотталған азаматқа түзу жолға түсуге көмектесті деген қорытынды жасауға болады, –деді Затон ауданының пробация қызметінің бастығы Э.Усербаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру