Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында браконьерлер 6 жылға сотталды

Түркістан облысында браконьерлер 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 5 сәуір мен 30 мамыр аралығында Түркістан облысының аумағында балық ресурстарының заңсыз айналымы мен оны өндіру саласындағы құқық бұзушылықтар, қылмыстардың алдын алуға және қарсы тұруға бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы бағытта полиция мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған мобильдік топтар Шардара су қоймасының аумағында, Сырдария мен Арыс өзендерінің жағасында браконьерлік фактілерінің жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Мәселен, өткен жылы «Уылдырық» шарасы кезінде Отырар АПБ полицейлері Арыс өзенінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары екі браконьерден қайық, электр қуатын күшейткіш құралдармен заңсыз ауланған 150-ге жуық балық тәркіледі. Оның ішінде 50-ге жуығы ҚР Қызыл кітабына енгізілген “Түркістан қаязы” болып шықты. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы бойынша тіркеліп, жинақталған материалдар сотқа жіберілді. Нәтижесінде сот қаулысымен заңсыз балық аулаған екі тұрғынға қатысты 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру