Келес полицейлері тұрғынның көлігінен трамадол тапты
Келес полицейлері тұрғынның көлігінен трамадол тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд кезінде тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған Lada Priora-2107130 көлігін байқап, тоқтатады. Көлік иесінің құжаттары мен көлікті тексеру кезінде аталған автокөліктің ішінен 20 дана психотроптық трамадол дәрісін тапты.
Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 296- бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.
Күдікті ер адамның айтуынша, ол трамадол дәрісін өзінің бас пайдасы үшін сатпақшы болған. Алайда тәртіп сақшыларының тыңғылықты тексеруінің арқасында ойы жүзеге аспаған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.