Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрт полицейлері тұрғынның жоғалған сиырын тауып берді

Қазығұрт полицейлері тұрғынның жоғалған сиырын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын құны 350 мың теңге тұратын бір бас сиырының жоғалып кеткендігін айтып, көмек сұраған. Ол сиыр үйінің алдында жайылып жүргенін, алайда оны іздегенде сол маңнан таба алмағандығын көрсеткен.

Үш күн бойы өздігінен таба алмаған соң учаскелік полицияға мән-жайды айтып, көмек беруін сұрайды. Тұрғынның айтуымен  полиция қызметкерлері жедел-іздеуге кіріседі.

Ауыл аймақтарды, егістік алқаптарын, ой-шұқырын жақсы білетін аумақтарды жіті бақылап, жүруі мүмкін жерлердің барлығын іздеді. Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде бір тәулікте жоғалған сиыр үш шақырым көрші ауылда жайылып жүрген жерінен табылды. Тәртіп сақшылары жоғалған сиырды өз иесіне табыстады.

Малынан көз жазып қалған тұрғын полиция қызметкерлерінің атқарған жұмысына шынайы ризашылығын білдіріп, алғас айтты

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру