Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 18 мен 20-сәуір аралығында республика аумағында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді.

Аталған іс шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу. Сондай-ақ зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, желідегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау.

“Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша бұрын жасалған 31 қылмыс ашылды. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бабы бойынша 1 жайт тіркеліп, ашылды. 14 заңға қайшы сайттар бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру