Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін атап өтті

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Жеңіс күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамыр – Жеңіс күні Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Еркін Нұрбаев және оған бағынысты түзеу мекемелерінің басшылары мен жеке құрам қызметкерлері Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Бұл күні Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы “Жеңіс“ саябағында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында тәртіп сақшылары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батыр бабалар рухына тағзым етті. ҚАЖ қызметкерлері өзге де әріптестерімен бірге, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру