Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Антқа адалдық: Қызылордада қызметте ерекше көзге түскен полицей марапатталды

Қызылордада қызметте ерекше көзге түскен полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Бердіханов Әлішер алғашқы жұмыс күндерінен бастап қағілез, еңбексүйгіш, өз ісіне мығым екенін көрсетті. Тілсіз жауды құрықтауға көмектесіп,тұрғындарды қауіпсіз орынға алып шыққан Әлішерді және оның әріптестерін “бейбіт заманның батырлары” – десек те болады. Осы ерлігінің арқасында Бердіханов Әлішер Қазақстан Республикасы ІІМ-нің “Құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін қосқан үлесі” медалімен наградталды.

Әлішер Бердіханов 2000 жылдың 25 мамырында Қызылорда облысы Сырдария ауданы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде дүниеге келді. 2017 жылы А.Тоқмағанбетов атындағы # 135 мектепті бітіріп, осы жылы Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Құқықтану факультетіне оқуға түсті. 2022 жылы аталған университетті бітіріп, заңгер мамандығын алып шықты. 2023 жылдың 25 наурызынан бастап Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы. Бала кезден ол әкенің қатаң талабын, мықты тәрбиесін көріп өсті, бұл Әлішер үшін қоғамда да, өз отбасында да шешуші тұлға болуға өз әсерін тигізді.

Әлішер бала кезден қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрды. Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі екенін бойына сіңіріп өскен нағыз қазақ жігіті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру