Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ПД басшылығы майдангерлер рухына тағзым етті

Астанада ПД басшылығы майдангерлер рухына тағзым етті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының полиция департаменті басшылығы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Еске алу шарасына департамент бастығы Марат Төлебаев және оның орынбасарлары, елордалық полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Шараға қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, монументке гүл шоқтарын қойды. Олар болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі мен бостандығы үшін күрескен Отан қорғаушыларының ерлігіне, қайсарлығына және жанқиярлығына тағзым етті.

Ұлы Жеңіс ардагерлерінің ерлігін есте сақтау және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарының маңызды бөлігі болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру