Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері батыр бабалардың рухына тағзым етті

СҚО полицейлері Жеңіс күнінде батыр бабалардың рухына тағзым етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамыр күні СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев және полиция бөліністерінің басшылығы мен ардагерлері Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысты.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, облыстың және қаланың жұртшылық өкілдерімен бірге тәртіп сақшылары да облыс орталығындағы Мәңгілік алауға, Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қойды, жерлестеріне бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларды еске алып, рухына тағзым етті.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы бабалар жеңісі полиция қызметкерлері үшін нағыз ерліктің үлгісі болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру