Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰОС қатысушысы Жеңістің 79 жылдығын отбасымен және әріптестерімен бірге атап өтті

Алматы полициясында қызмет еткен ҰОС қатысушысы Жеңістің 79 жылдығын отбасымен және әріптестерімен бірге атап өтті. Ардагерге ішкі істер министрі Ержан Саденов өз құттықтауын жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы атаулы күні ардагерді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров пен бөлімшелердің жеке құрамы Жеңіс күнімен құттықтады.

– Құрметті Қамбар Әмірұлы! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл болды. Бірақ сіздердің даңқты істеріңіз ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Елді кеудесімен қорғап, әлемді фашизмнен аман алып қалған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Ол туралы естелік ұрпақтан-ұрпаққа, ата-анадан балаға, жүректен жүрекке беріледі. Ал әсіресе, бүгінде бейбітшіліктің қадірін жақсы білуіміз керек. Сізге тағзым, Қамбар ата! Сізге шын жүректен денсаулық тілеймін!, – деді Арыстанғани Заппаров.

Қамбар Сәрсенов – шындық пен әділет жолындағы нағыз күрескер, Отанымыздың азаттығы жолындағы талай кескілескен шайқастардың қатысушысы. Ол ауыр жарақатына қарамастан, соғыстан кейінгі жылдарда да азаматтардың тыныштығын күзетуге бел буған.

Өз кезегінде, Қамбар Сәрсенов Алматы полициясының Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алып, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтты.

Жылы, достық жағдайда ол милицияда қызмет еткені және бейбіт өмірдің бақытты, есте қаларлық сәттері туралы естеліктерімен, әңгімелерімен бөлісті, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қызметте сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру