Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 68 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Петропавлда қараша мен сәуір айларында 68 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда «ақылды» бейнекамералардың жұмысын талдай отырып, әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтады. Lada Priora автокөлігімен шетелдік есепте жүріп, өткен жылдың қараша айынан бастап ол жылдамдықты 68 рет асырып, тоқтау сызығынан асып кеткен. Айыппұлдың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Құқық бұзушының деректері бағдарға енгізілді. «МЕГАКАМ. ҚОРҒАУ» қосымшасын пайдалана отырып, оны патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді. Бұл жалғыз мысал емес.

Жақында Петропавл қаласының полицейлері бір айда белгіленген жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы азаматты жауапқа тартты. Саумалкөл аудан орталығында тағы бір жылдамдықты асыруға құмар жүргізуші тоқтатылды. Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Екеуі де ресейлік есепте тұрған ВАЗ автокөліктерін басқарды. Олар «ақылды» бейнекамералардың көмегімен анықталды.

– Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмыс істейді. Аппараттық-бағдарламалық кешендер жол-көлік оқиғаларын жиі тудыратын бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, аялдама желісі мен жылдамдық режимін бұзу фактілерін анықтайды. Олар полицияның сенімді құралы саналады. Жыл басынан бері олардың көмегімен СҚО жолдарында 20 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. АБК пайдаланудың оң рөлі оларды орнату орындарында бірде-бір жол-көлік оқиғасына жол берілмегендігінен айқын көрінеді, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру