Маңғыстау облысында жыл басынан бері 1700-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 1700-ге жуық тыныштықты бұзу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында жыл басынан бері учаскелік полицейлермен 117 ұсақ бұзақылық анықталды. Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Тыныштықты бұзу – жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін әкімшілік құқық бұзушылық. Бұл бойынша 1692 азамат әкімшілік кодекстің 437-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге қатаң тыйым салынғандығы туралы заңды елемей, құқық бұзушылыққа жол берген 1740 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылды. Әкімшілік кодекстің 505-бабымен учаскелік полицейлер 3209 азаматты анықтап, жауапқа тартты.
Маңғыстау облысының полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарына құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заңмен белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді.