Ішкі істер министрі Қарағанды облыстық полициясының жаңа бастығын таныстырды
Қарағандыда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке құрамға өңірдің жаңа бастығын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімімен Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы болып Әділов Санжар Әскенұлы тағайындалды.
Ведомство басшысы жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында жетістіктер тіледі.
Сондай-ақ министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орнына сәттілік тіледі.
Ведомство бастығы Қарағанды облысы полициясының басшылығы мен жеке құрамының алдында полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемаға бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктеді.
Сонымен қатар тергеудің жаңа нысандарына, енгізілген заңнамалық түзетулерге оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жұмыстың дайындығына баса назар аударылды.
Министр Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының бағыттарының бірі ретінде жүйеішілік өзгерістерге жеке тоқталды.
Атап айтқанда, сотқа дейінгі процесті оңтайландыру, кадр саясатын қайта қарау, ішкі конкурстық іріктеуді енгізу негізінде қызметкерлерді ілгерілету тәртібі, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту жөніндегі шаралар.
Марат Ахметжанов бұл полиция қызметтерінің сапасын арттыруға және азаматтардың сеніміне кіру жолында бағытталған шаралардың бір бөлігі ғана екенін атап өтті.
Ішкі істер министрлігі жүйеішілік өзгертулерді одан әрі іске асыруды жалғастыратын болады.