Қызылорда облысында айыпталушыға тыйым салынған зат әкелген күдіктінің ісі сотқа жолданды
Қызылорда облысында айыпталушыға тыйым салынған зат әкелген күдіктінің ісі сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетуінің алдын алды.
Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері айыпталушы Д.ға келген азық-түлікті тексеру барысында шербет ішінен бір телефон және бір Beeline SIM-карта тәркіледі. Сәлем-сауқаттың иесі айыпталушының анасы екені анықталды.
Бұл факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.