Ақмола облысында танысынан ақша бопсалаған азаматтар анықталды
Ақмола облысында танысынан ақша бопсалаған азаматтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 мамыр күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынының бопсалау дерегі туралы өтініші келіп түсті.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрыннан таныс адамдар телефонын тартып алып, оның атына несие рәсімдеген. Ал қазіргі уақытта өтініш берушіден ақша бопсалап жүргені белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтады. Істің өзге мән-жайлары анықталып жатыр.
Полиция басқармасы аталған деректі ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.