Қызылордада сауда үйінде ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Қызылордада сауда үйінде ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 мамыр күні сағат 16:30 шамасында Қызылорда қаласы аумағындағы ірі сауда үйлерінің бірінде ұрлық дерегі болды. Жәбірленуші өзіне тиесілі дүкенде қызмет жасап тұрғанында күдікті оңтайлы сәтті пайдаланып, кассада тұрған 250 мың теңгені ұрлап кеткен.
Бұл дерек бойынша полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 38 жастағы күдікті азаматша тәртіп сақшыларының қолына түсті.
ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды.