Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық студенттің атына несие рәсімдеп, төлемей қойған күдікті ұсталды

Павлодарлық студенттің атына несие рәсімдеп, төлемей қойған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері Павлодар қаласының жоғары оқу орындарының студентінің атынан несие алған Павлодар облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

– Сәуір айында студентке бір танысы келіп, оның атына тауарлық несие алуын сұрағаны анықталды. Студенттің телефонын пайдаланып, 1 млн теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған. Кейін ол банктерге төлем жасамай байланысқа шығуды мүлдем тоқтатқан. Оның алданғанын түсінген студент полицияға арыз жазды, – деді Павлодар қаласының ПБ бастығы Ермек Әлжанов.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме алынды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Павлодар облысының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру