Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегін анықтады

15-31 мамыр аралығында СҚО полицейлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – балалар көшеде көп уақытын өткізетін жазғы демалыс қарсаңында қозғалыстың барлық қатысушыларының тәртібін арттыру. СҚО полицейлері 17 күнде балаларды автокреслосыз тасымалдаудың 168 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқушылармен кездесу барысында тәртіп сақшылары қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске түсірді. Ең алдымен, бұл аулалардағы кіреберіс жолдардың жанындағы сақтық, жол бойындағы ойындарға жол бермеу және белгіленбеген жерде көше қиылысын өтпеу. Велосипедпен жүру кезінде жаяу жүргіншілер өткеліне өтіп, велосипедті рөлі арқылы тасымалдау керек. Барлық жүргізушілер сізді өткелде өткізетініне көз жеткізу керек.

Айта кетерлік жайт, велосипедті 14 жастан, скутерді 16 жастан бастап басқаруға болады. Бұл ретте жол қозғалысы ережесін толық көлемде білу және сақтау қажет.

– ЖПІШ барысында жолдың белгіленбеген жерге немесе қызыл жарыққа өткені үшін 289 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір осындай факт қозғалыстың жас қатысушылары үшін теріс үлгі болады, бұл болашақта қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. 275 жүргізуші жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылығын бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 168 автокөлік жүргізушісі балаларды ұстау құрылғысынсыз тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануы ғана жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынын есте ұстаған жөн, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру