Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының аумағында есірткіге қарсы баннерлер орнатылып жатыр

Маңғыстау облысының аумағында есірткіге қарсы баннерлер орнатылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 маусым – Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Маңғыстау облысы аумағында бір ай көлемінде түрлі бағыттағы профилактикалық шаралар өткізіліп жатыр. Айта кетейік, айлықтың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, болдырмау.

Бұл ретте облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Өңір орталығы – Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысына қарасты аудандарда қазіргі заманғы әдістерді пайдалану арқылы бұқара халықты есірткі заттарының зияны мен көзделген қылмыстық жауапкершіліктер туралы хабардар ету мақсатында баннерлер орнатылып, LED экрандарда есірткіге қарсы әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

Маңғыстау облысы ПД ЕҚҚІБ азаматтарды жағымсыз әдеттерден аулақ болуға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру