Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан олысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, тұрғынның үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп тапты. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру