Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды

Сарыағашта таныс көршісіне сенген тұрғын 8 млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, таныс көршісі мал қора сатып алып беремін деп сендіріп, алаяқтық жолмен 8 миллион теңге ақшасын жымқырып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Анықталғандай, күдікті  қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Сондай-ақ осындай жалған уәде беріп, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген.

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру