Қызылорда облысында "Заңсыз келуші - 2023" іс-шарасы барысында 128 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында "Заңсыз келуші - 2023" іс-шарасы барысында 128 құқық бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 19-25 маусым аралығында облыс аумағында "Заңсыз келуші - 2023" іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараның 2 күнінде 128 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде шетел азаматтарымен жасалған 82 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе оның төртеуі республика аумағынан шығарылды.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 46 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді.
- Құрметті облыс тұрғындары жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егер заң талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз, - дейді Қызылорда облыстық ПД.