Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді
Павлодар облысында борышкер жүргізушілерден 39 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2023 жылғы 7 маусымнан бастап Павлодар облысының аумағында «Борышкер – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылардан салынған айыппұлдарды барынша өндіріп алу, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады.
– Жолдағы рейдтер кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті деректер базасы бойынша көліктердің нөмірлерін тексереді. Егер жүргізуші осы тізімде табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына жіберіледі. Аталған іс-шара басталғаннан бері облыс ПД полицейлері борышкер жүргізушілерден 39 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. 52 көлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Әкімшілік айыппұл жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төленуі мүмкін. Айыппұлдарды келесі жолдармен тексеруге және төлеуге болады: онлайн режимінде электрондық үкімет порталының көмегімен egov.kz, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы интернет-сайттар арқылы онлайн-төлем qamqor.gov.kz., Kaspi kz.Egov kz. Естеріңізге сала кетейік, «Борышкер – 2023» іс-шарасы 30 маусымға дейін жалғасады.