Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігін заңсыз алғысы келген ақтөбелік ақшасынан айырылды

Жүргізуші куәлігін заңсыз алғысы келген ақтөбелік ақшасынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 22 жастағы қыз алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Оның айтуынша, бейтаныс әйел жүргізуші куәлігін еш қиындықсыз жасай алатынына сендірген. Күдікті өз қызметі үшін 160 мың теңге сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші ақшасыз және жүргізуші куәлігінсіз қалды.      

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру