Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автобустың мас жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде автобустың мас жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет атқару барысында Ақтөбе – Орск тас жолының 17-шақырымында жол жүру ережесін бұзғаны үшін Паз автобусын тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің жай-күйі күмән туғызды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Автобус Ақтөбе қаласындағы бір мекеменің қызметкерлерін тасымалдаумен айналысқан, тоқтату кезінде көлік салонында жолаушылар болмаған.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол жүрісі ережелері мен қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру