Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды

Екібастұзда түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз полицейлері түнгі уақытта қаладағы барларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық орындарында кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғын тексерді.

– Жыл басынан бастап рейдтік іс-шаралар барысында ювеналдық полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген 115 кәмелетке толмағанды анықтады. Заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, ал жасөспірімдермен осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 5 факті анықталды. Кәмелетке толмағандардың өз мекемелерінде болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі бойынша жеке кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, ал ата-аналарға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру