Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы қалалық және аудандық полиция бөліністерінің бастықтарымен жиналыс өткізді

ІІМ-де ведомствоның орталық аппаратының қызмет басшыларының, аумақтық полиция департаменттері бастықтарының, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшыларының, оқу орындары жетекшілерінің қатысуымен жұмыс отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға ІІМ жүйесіндегі бірінші басшылардың үш деңгейлі вертикалы (министр – облыстық ПД бастығы – қалалық/аудандық бөлініс басшысы) бойынша еліміздің әр аймағынан келген қалалық және аудандық полиция бөліністерінің басшылары қатысты.

Күні кеше ел Президентінің кеңейтілген алқа отырысында ішкі істер органдары алдына қойған міндеттері мен тапсырмалары қаралды.

Министрдің орынбасарлары өздері жауапты салалар бойынша жұмыс барысында кеткен кемшіліктерді саралап, жеткен оң нәтижелерді жіктеп, жиналғандармен талқылады.

Жиналыстың мәні де, мақсаты да ерекше. Халықпен де, жеке құраммен де тығыз байланыста қызмет ететін басшыларға өзгерістерді түсіндіру, жүйелік тәртіптің сақталуын, полицияның азаматтарға барынша жақын болуын талап ету.

Аудан, қала полициясының басшылары жұмыстағы проблемаларды айтып, министрлік қолға алған өзгерістердің өздерінде қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндады.

Тың идеяларымен бөлісіп, проблеманы қысылмай, ашық түрде көрсете білген Ақтөбе облысы Алға ауданы полиция бөлімінің бастығы Ардана Саймағамбетов Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалды. Бұл ретте министр адал әрі кәсіби офицерлерді қолданайтынын жеткізді.

Жиын соңында Марат Ахметжанов әріптестеріне профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, жекелеген қылмыс түрлерімен жүйелі күрес жүргізуді, қызметкерлер тарапынан заңсыздықтарды болдырмай, халыққа барынша ашық әрі жақын болуды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру