Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 342 интернет-алаяқтық тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 342 интернет-алаяқтық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл – алдаудың ең көп таралған түрлерінің бірі. Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырады, олардың шоттарындағы «күдікті әрекеттер» туралы хабарлау арқылы адамды қапыда қалдыруға тырысады. Біреудің алаяқтығынан қорғану үшін үлкен несие алып, ақшаны белгілі бір «қауіпсіз шотқа» аудару керектігін жеткізеді. Сондай-ақ алаяқтар жәбірленушіден банктегі шоттан қаражатты заңсыз есептен шығару үшін қажетті құпия деректерді біліп алуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыста барлығы 342 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 109-ы – «банктен қоңырау шалу» схемасы бойынша жасалған. Бір жағдайда залал 16 миллион теңгеден асып түсті.

– Адамдарды алаяқтардан қорғау үшін ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Түсіндіру акциялары аясында қаңтар айынан бастап облыс тұрғындарына 42 мың жадынама таратылды. Жергілікті телеарналарда алдау сценарийлері туралы егжей-тегжейлі баяндалған 6 бағдарлама болды. Ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылады. Учаскелік инспекторлар тұрғындарды халықпен әр жиында желілік алаяқтықтың қауіптілігі туралы ескертеді. Айта кету керек, интернет-алаяқтықтың төмендеуіне қол жеткізілді: өткен жылдың 6 айында олардың 403-і тіркелген болатын, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Полицейлер ескертеді:

Банк қызметкерлері клиенттің қандай да бір қаржылық операцияларды жүргізуін талап ете алмайды. Сондай-ақ олар телефон қоңырауларында клиенттерден банк карталарының нөмірлері мен кодтарын «нақтылай» алмайды. Банктің атынан хабарламаның заңдылығын тексеру үшін оған ресми телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Құпия деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіздер. Бөгде адамдардың немесе сізбен келісімшарттық қатынастары жоқ ұйымдардың электрондық поштаға келіп түскен күдікті мәтіндік хабарламаларына жауап бермеген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру