Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі

Қызылорда облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусым күні Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолының 492-шақырымында Алматыдан Атырау қаласына бағыт алған Hyundai Sonata автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көлік жүргізушісінен салмағы 212,92 грамм марихуана тәркіледі. Қосымша тексеру барысында ұсталған азаматтың деструктивті діни ағым жақтаушысы, Атырау облысының тұрғыны екені анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру барысында оның қылмысы толығымен дәлелденді.

Сырдария аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 34 500 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 612- бабының 3-бөлігімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] Қызылорда облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушысынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру