Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында полицейлердің заңды талаптарына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 460-шақырымындағы аймақты патрульдеу кезінде сағатына 144 шақырым  жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатпақ болған.

Автопатруль экипажының инспекторлары жүргізушіден көлікті тоқтатуды талап еткен, алайда ол тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбастан, Алматы қаласы  бағытында үлкен жылдамдықпен көлігін басқаруды жалғастырған.

Полицейлер жүргізушінің соңына түсіп, автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында Түркістан облысының 31 жастағы тұрғынының көлік құралын басқару құқығынсыз көлік жүргізгені анықталды.

– Тәртіп  бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген қозғалыс жылдамдығының сағатына қырық және одан да көп шақырым мөлшеріне артуы), ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі (Ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау), ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 276 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, – деді Жамбыл облысының ПД ППБ взводының командирі Серғазы Әбдіқұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру