Ұлттық ұланның әскери қызметшісі әлем чемпионатының жүлдегері атанды
22-30 шілде аралығында Миланда семсерлесуден әлем чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
155 елден келген мыңнан астам спортшы Италия астанасында сынға түсті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының спорт командасының спорт нұсқаушысы ефрейтор Руслан Құрбанов семсерлесу бойынша қола жүлдеге ие болды.
Ефрейтор Құрбанов ширек финалда сайыс қожайыны Валерио Куомодан 15:12 есебімен басым түсті.
Өкінішке орай, финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы Венгрия елінің өкілі Томаш Кохтан 11:15 есебімен жеңіліп қалды.
Соған қарамастан ол әлем біріншілігінің жүлдесін жеңіп алған еліміздің алғашқы өкілі атанды.
– Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бұған әлі де сене алар емеспін. Мен бұл спортпен 20 жылдан бері шұғылданамын. Алдыңғы екі әлем чемпионатында медаль иеленуге бір қадам жетпей қалып едім. Міне, ақыры қола жүлде иелендім. Бұл мен үшін ғана емес, бүкіл ел үшін алғашқы медаль болғаны мені екі есе қуанышқа бөледі, – деді әсерімен бөліскен ұландық.