Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық зейнеткерлерден ақша алған дроппер елордада қолға түсті

Ақмолалық зейнеткерлерден ақша алған дроппер елордада қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір күнде астаналық азамат Степногорск қаласында тұратын үш зейнеткерді алдап, ақша алып үлгерген. Ақмола полицейлері «курьерді» Астана қаласындағы тұрғылықты жерінен ұстады.

12 тамызда Степногорск қаласының полиция басқармасына алаяқтық фактілері бойынша бірден үш өтініш түсті. Барлық жағдайда 70 және 83 жастағы зейнеткерлер жәбірленуші болып шықты. Өтініш берушілердің айғақтары да ұқсас болды: белгісіз адамдар қоңырау шалып, балалар жол-көлік оқиғаларына тап болды деп хабарлағаннан кейін, алаяқтар мәселені шешулері үшін белгілі бір ақша сұраған. Дабыл қаққан қарт адамдар ойланбастан жинаған ақшаларын берген. Екі жағдайда 1 млн теңгеден, үшіншісінде алаяқтарға берілген ақша 1,2 млн теңге болған.

Ұсталған адам бұл ақшаны алып, содан кейін аталған шоттар бойынша алаяқтарға аударып, пайызын алып қалған. Тергеу барысында анықталғандай, дроппер қылмыс жасап жатқанын білсе де, ақшаны қайдан және қай уақытта алуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі нұсқауларды өзінің жұмыс берушісінен алған.

Барлық үш фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру