Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Елорда аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және проблемалық мәселелерді  зерделеу бойынша «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Учаскелік полицейлер қызмет көрсететін аумақтың криминогендік жағдайын зерделеу үшін  үй-үйді, саяжайларды, шатырлар мен жертөлелерді аралайды. Сонымен қатар қоғамға жат әрекеттерді алдын алу үшін жалдамалы пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы төмен отбасылар, жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын жерлерге де тексеріс жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шара кезінде тұрғылықты жері бойынша ішкі істер бөлімінде есепте тұрған азаматтар мен азаматтық қару иелері де тексеріледі.

Профилактикалық жұмыс басталғалы бері шамамен 2896 тұрғын үй аумағы, ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 500-ге жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. 283 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгіленген тұрғылықты жері жоқ 35 адам ұсталып, оның 10-ы қабылдау бөліміне орналастырылды. Кәмелетке толмаған 14 жасөспірім ұсталды, оның ішінде екі жасөспірім алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйде жүрген, үшеуі заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған, алты бала қаңғыбастыққа салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру