Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен азамат қолға түсті
Астанада өзгенің көлігін айдап кеткен азамат қолға түсті , – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны полицияға белгісіз біреу Е-10 көшесінің бойында Chevrolet Cobalt автокөлігін айдап кеткені туралы арызданған.
Белгілі болғандай, қожайын кілтті көлікте қалдырып, бірнеше минут бойы қараусыз қалдырған. Қасынан өтіп бара жатқан 33 жастағы азамат осы сәтті пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Күдікті бірнеше шақырым жол жүргесін, салондағы телефонды қолды қылып, көлікті Сауран көшесінің бойында қалдырған.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті тауып, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні қолға түсірген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін толық мойындады, оның астанада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.