Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында танысына мас күйде пышақ жарақатын салған күдікті қолға түсті

Ақмола облысында танысына мас күйде пышақ жарақатын салған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамыз Қосшы қаласының полиция бөліміне жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерінен қалалық ауруханаға «Сол жақтағы бел аймағының жұмсақ тіндеріне енбейтін тесілген-кесілген жара» диагнозымен ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Алынған ақпарат бойынша жедел тергеу тобы азаматқа барып, істің мән-жайын зерделеді.

Ауруханаға түскенге дейін жәбірленуші таныстарымен бірге алкоголь ішкені анықталды. Олардың бірімен жанжал шығып, салдарынан танысы жәбірленушіге пышақ жарақатын салған.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қабылданған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушіге зиян келтірген адамды ұстады. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру